Narikbi LIVE

← Narikbi LIVE26 Feb · 2 h 39 min

Назгүл Қожабек: қазақ тілінің проблемасы - орыс тілін білмеуіміз / Narikbi LIVE #134

Назгүл Қожабек: қазақ тілінің проблемасы - орыс тілін білмеуіміз / Narikbi LIVE #13426 Feb2 h 39 min

Бүгінгі подкастымыздың қонағы — филолог, аудармашы, тіл жанашыры және танымал «Калькасыз қазақша» телеграм арнасының авторы Назгүл Қожабек.

Назгүл ханым — тілі ащы, көзі қырағы редактор. Ол әлеуметтік желілердегі грамматикалық және стилистикалық қателерді атын атамай-ақ дәл тауып, жұртқа көрсете біледі. Бұл шығарылымда біз балалардың тілдік контент тұтынуы, медиадағы қазақ тілінің салмағы, аударма сапасы мен күнделікті сөйлеуде жіберетін қателіктеріміз туралы ашық әрі пайдалы әңгіме өрбіттік.

«Туылған күніңмен» бе, әлде «Туған күніңмен» бе? Неге біз қазақша сөйлегенде асығамыз? Қалай өз тілімізде сауатты әрі сенімді сөйлей аламыз? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын видеодан көре аласыздар!

Калькасыз қазақ тілі: https://t.me/kalkastop

Nazgul: https://instagram.com/dark_nazgul

Narikbi: https://instagram.com/narikbi

Instagram: https://instagram.com/narikbi.live

TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live

Telegram: https://t.me/narikbi_live

Таймкодтар:

00:00 Тизер

02:00 Қазақ ақындарының еңбектері және тілге әсері